Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазгидромет: Қарашаның 22-сі күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 22 қараша 2020 06:00

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 22-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, ҚР басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Сол себепті солтүстікте және батыста күн жауын-шашынсыз болады.

Оңтүстікте және шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен кей жерлерде қар оңтүстік-батыста жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстігінде – жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысында – көктайғақ болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Маңғыстау облысында түнде – көктайғақ, Атырау облысында – тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсуы ықтимал.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай