Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазгидромет: Қыркүйектің 15-і күнгі ауа райы болжамы

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 06:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 15-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР басым бөлігінде, антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз республиканың солтүстік, солтүстік-батыс, батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, желдің дылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығыс, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүреді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстік-батыс және батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай