Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазгидромет: Қыркүйектің 26-сы күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 06:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 26 қыркүйек күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, р еспубликаның шығысы мен орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болады.

Республиканың кей жерлерінде жауын-шашын, тұман болып, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-28 м/с жылдамдықпен ұйтқып, шаңды дауыл тұрады. Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстараның кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай