Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазгидромет: Тамыздың 9-ы күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 9 тамыз 2020 06:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде 9 тамыз күні ауа райының құбылып тұруына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 9 тамыз күні еліміздің көп аймағына жауын жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерге бұршақ түсуі де мүмкін. Республиканың орталығында күшті жел тұрады.

Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел күшейіп, Қостанай облысында түнде және таң ата бірқатар өңірлерге тұман түседі.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі.

Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының бірқатар өңірінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде және Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.

Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай