Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қажет болса ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа сатуға шектеу қою керек – Премьер-Министр

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 10:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қажет болса ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа сатуға шектеу қою керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен тұтыну көлемін есептеп, қажет болған жағдайда сыртқа сату бойынша шектеу қоюды тапсырамын. Бірінші кезекте ішкі нарықты қамтамасыз етуіміз керек», - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар ол мұнай өнімдерін жеткізу тізбегін қысқартып, баға белгілеу практикасын талдау қажеттігін баса айтты.

«Энергетика министрлігіне бір ай ішінде мұнай өнімдерін өндіру және сату құрылымын реформалау бойынша заңнамалық түзетулер дайындауды тапсырамын», - деді Әлихан Смайылов.


Жоғары қарай