Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қажылық-2022 квотасы 14 туроператорға бөлінді

2022 жылдың 14 мамыр 2022 19:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арнайы комиссияның қорытындысы бойынша 3000 квота конкурс талаптарына сәйкес келген 14 туроператорға бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес туристік компаниялар арасында қажылық орындарын (квота) бөлу бойынша конкурс өткізілді. Арнайы комиссияның қорытындысы бойынша 3000 квота конкурс талаптарына сәйкес келген 14 туроператорға бөлінді. Олардың арасында, «Хикмет Тревел», Atlas Tourism, «Қызмет Саяхат», Tawaf Travel, Qazaq Travel, «Хидаят-Нур», «Нұр-Қазақстан», Nurkhan travel, «Сембекова и компания», Sanabl, Mina travel, «Ал-Маруа», «Ордабасы НЖ», «Робинзон» компаниялары бар»

, - делінген министрлік мәліметінде.

Ведомство Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанында діни ақпарат орталығы жұмыс істейтінін қаперге береді. Сұрақтар бойынша орталықтан қазақ және орыс тілдерінде +7 7172 33 30 30 телефоны арқылы жауап алуға болады.

Call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

Айта кетейік, бүкіл Қазақстанды жаяу аралау ниетімен марафонға шыққан Ұлытаудың 72 жастағы тұрғыны Сәрсенбай Қотырашов осы сапарынан соң, келесі жылы Мекке мен Мединаға жаяу баруды армандайтынын айтқан еді.




Жоғары қарай