Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қажымұқанға татар қызы тарту еткен сүлгі Темірланда сақтаулы тұр

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 10:29

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Күш атасы Қажымұқанға татар қызының тарту еткен сүлгісі Түркістан облысының Темірлан ауылында сақтаулы тұр. Палуанға ғашық болған бойжеткен кесте тігіп, үлкен матаға суретін салған екен. Қаншама жылдар бойы сақталып келген сүлгі бүгінде түтігіп, жіптері сөгіле бастаған. Сондықтан ағайындар ақылдаса келе құнды жәдігердің мұражайда сақталғанын жөн деп тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы өмірінің соңғы кездерін Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылында өткізген. Қарашаңырақ үйі де сонда орналасқан. Дегенмен іргетасы жоқ үй көптеген жылдардан соң құлауға айналғандықтан, туыстары бұзып, жаңадан салыпты. Қазір мұнда палуанның шөбересі Қуанышбек Ескермесов отбасымен тұрып жатыр.













«Атамыз Ұлы жібек жолындағы 5 өзеннің сағасында орналасқан Темірлан ауылына қоныстануды жөн көріпті. Содан Шәуілдірден осында көшіп келген. Үйді 46 жылдары асарлатып салған. 60 жылға жуық осында тұрдық. 2005 жылдары арық суы тасып, ауылымызды су алды. Сол кезде біздің үй су ортасында қалып кетті. Тұруға жарамсыз болды. Содан бұзып, жаңа үй салдық», - дейді Қуанышбек Ескермесов.

Бүгінде үй иелері қарашаңырақтың бір бөлмесін мұражайға айналдырған. Онда Қажымұқан Мұңайтпасұлының қолданған заттары қойылған. Мәселен, су ішкен ожауы, жатқан кереуеті, сандығы, дәрет алған ыдысы, ошағы осында тұр. Сондай-ақ, есік алдында Қажымұқан қаздырған құдық та бар. Ескі үйден шыққан табалдырық пен Польшадан алып келген чемоданы да сақталыпты.































«Үйімізге көптеген қонақ келеді. Қажымұқан атамыздың қарашаңырақ үйі деп арнайы іздеп келетіндер көп. Тіпті, арасында шетелдіктер де бар. Көпшілігі спортшылар мен тарихшылар және туристер. Олар жәдігерлер тұрған бөлмеде түнегілері келеді. Ішіне 2,5 литр су сиятын ожауымен құдығынан су ішіп, кереуетіне жатуға таласады. Әрбір затын теберік көріп, сұрайтындар бар», - дейді келіні Роза Тынышбекқызы.




Палуан қолданған заттарды теберік көріп, бір-екі адам алып та кетіпті. Тамақ жеген легені мен тағы бір чемоданды қонақ болып келген жандар қоймай сұрап алған. Тіпті кейін алып келіп беретіндіктерін айтып, уәде де берген. Дегенмен, әлі күнге дейін қайтармаған. Сондықтан болар, Қуанышбек Ескермесов туыстардан табылған жәдігерлерді мұражайға өткізген.










Сондай-ақ, ұзындығы 2 метр, ені 1,5 метр болатын сүлгіні Уфада жүргенде татар қызы сыйға тартқан екен. Матаға палуанның суретін кесте жіппен тігіп, көркемдеп шыққан. Оны 150 жылдығына орай берілген аста Ресейде тұратын туысы Бағира алып келіп, қарашаңыраққа қойыпты. Кейіннен ағайындар өзара ақылдаса келе құнды жәдігерді де мұражайға табыс екен.

«Ауылымызда Қ.Мұңайтпасұлы атындағы облыстық спорт музейі бар. 2001 жылы ашылған мұражайда да көптеген жәдігерлер сақтаулы тұр. Көпшілігі үйден алынды, туыстардан жиналды. Онда келген көпшілік қонақтар, палуанның қарашаңырағына кіріп шығуды да құп көреді. Біздің де есігіміз әрдайым ашық», - дейді отағасы Қуанышбек Ескермесов.




























































Жоғары қарай