Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазіргі уақытта волонтер деген сөздің салмағы бар – Гүлмира Абдрашева

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 20:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта волонтер деген сөздің салмағы бар. Тіпті волонтер болу сәнге айналып барады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Клуб Добряков» еріктілер қозғалысы еліміздің жеті аймағында ашылған. Бұл клуб қай аймақта ашылса да сол маңда орналасқан елді мекендердегі адамдар мен жануарларға көмектеседі деген қаулы шығарылады. Мысалы, елордадағы клуб елорда маңында орналасқан 32 ауылға көмектеседі. Жануарлар дүниесін қорғау туралы заңнама шығатыны туралы жаңалық бізді қуантты», - дейді «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева.

Оның айтуынша, волонтерлікпен айналысқанына 15 жыл болса, «Клуб Добряков» еріктілер қозғалысының ашылғанына 6 жыл болған.

«Қазіргі уақытта волонтер деген сөздің салмағы бар. Тіпті волонтер болу сәнге айналып барады және мен бұл идеяны қолдаймын. Бұл жыл волонтерлер жылы деп жариялануының өзі мемлекет тарапынан үлкен қолдау деп санаймын», - дейді ол.


Фото: weproject.media
Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Қоғам, Волонтер,
Жоғары қарай