Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«ҚазМұнайГаз», «Эйр-Астана» мен «Қазақгаз» IPO-ға шығарылады - Әлихан Смайылов

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 19:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» қоры құрамындағы 40 кәсіпорын жекешелендіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты.

«Биыл және келесі жылы ҚазМұнайГаз, Эйр-Астана, Қазақгаз сияқты компанияларды IPO-ға шығару жоспарланып отыр.

Жалпы, осы кезеңде «Самұрық-Қазына» холдингінің шамамен 40 кәсіпорынын жекешелендіру жоспарда бар. Олардың тізімі жақын арада ашық көздерде жарияланады», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуына қарағанда, Президент тапсырмасының аясында «Самұрық-Қазына» қорының тиімділігі мен ашықтығын арттыру, отандық бизнесті ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар арқылы қолдау шараларын қызметін реформалаудың жолдары әзірленіп жатыр.

«Қор экономиканың басым бағыттағы салаларына мемлекет атынан жұмыс істейтін серіктес ретінде жеке инвестицияларды тартуға ықпал ететін болады», - деді Әлихан Смайылов.

Еске салсақ, аталмыш кездесуде Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қорының басшысына соңғы мүмкіндік бергенін мәлім етті.


Жоғары қарай