Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазпошта қазақстандықтарды алаяқтарға алданып қалмауын ескертті

2020 жылдың 26 қазан 2020 15:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазпошта желіде алаяқтар пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Желіде алаяқтық жағдайлар пайда болды. Олар келесі схема бойынша жүзеге асырылады: өз тауарларын интернет арқылы сататын сатушыға төлем жасау үшін https://post.kz.obyiva.com сайтына сілтеме жібереді. Осы сілтеме бойынша оларға картаның деректемелерін толтыру және оны іске қосу ұсынылады, деректер расталғаннан кейін ақша сатушының шотынан автоматты түрде алынады.

Ескертеміз! Қазпошта көрсетілген сайтқа қатысы жоқ және біз тауарларды онлайн сату-сатып алу кезінде барлығыңызды мұқият болуды сұраймыз», делінген компанияның Facebook-тегі парақшасында.



Басты сөздер: Интернет, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай