Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазығұрт ауданының прокуроры ауыл тұрғындарымен кездесті

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 21:07

ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Қазығұрт ауданының прокуроры Батыр Қорғанбаев ауыл тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Прокурор Қазығұрт, Шарапхана, Алтынтөбе, Қақпақ, Шанақ және Шарбұлақ ауыл округінде тұратын халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, әр мәселе жөнінде құқықтық тұрғыда түсініктеме берді.

300-ден астам адам қатысқан кездесуге аудан әкімдігі мен ауыл округі әкімдігінің қызметкерлері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, уәкілетті органдармең мен полиция бөлімінің қызмектерлері де қатысты. Кездесу барысында сұрақтардың басым көпшілігі әлеуметтік мәселеге қатысты қойылды. Оның ішінде ауыз сумен қамту, жол жөндеу, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылғы мен тұрғын үйге жер телімдерін беру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, аудан прокуроры қадағалау аумақтағы қылмыстылық жағдайға ерекше тоқталып, құқық қорғау органдары тарапынан жеке мүлікке қарсы қылмыстардың, оның ішінде мал, пәтер ұрлығын азайтуға бағытталған жұмыстар туралы атап өтті. Ал, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында жергілікті ауыл билерінің қатысуымен білім мекемелерінде кездесу өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Батыр Қорғанбаев прокуратура органдарының азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғау бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтіп, прокуратурада азаматтарды қабылдау орталығы ашылғаны және әр азаматтың арызы тиісті түрде қаралатыны туралы хабарлады.

Қаралған әр мәселе жөнінде тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер, ал прокуратура қызметкерлеріне нақты бақылау жүргізу бойынша тапсырма берілді.

Кездесу нәтижесінде аудан прокуроры осы тектес шаралардың жалғасатынын айтты. Ол мемлекеттік органдарға елді мекендерге шығып, халықпен кездесу арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды екенін атап өтті.
Жоғары қарай