Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазығұртта карантин кезінде 150 адам жиналып, үйлену тойын жасаған

2021 жылдың 26 шілде 2021 09:51

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында тәулік ішінде карантин режимін бұзып, той жасағандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері м карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылап отыр. Тәртіп сақшыларының күнделікті жүргізген іс-шараларының нәтижесінде Қазығұрт ауданында карантин талаптарын бұзған бірнеше тойхана иелері анықталды. Мысалы, Қазығұрт ауданындағы елді мекеннің бірінде орналасқан тойханада 150-ден астам тұрғын жиналып, «Үйлену той» өткізсе, қатар тағы бір тойханада 50-ден астам адам жиналып, «Беташар» тойын өткізген»,-делінген хабарламада.

Аталған той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларын ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындар жасамауды ескертеді.

«Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған»,-делінген хабарламада.





Жоғары қарай