Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Кедергілерді жеңу» деректі фильмі Қазан халықаралық фестивалінде көрсетіледі

2020 жылдың 8 шілде 2020 00:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Кедергілерді жеңу» деректі фильмі XVI Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің конкурстық бағдарламасына енгізілді. Картинаның режиссері – Бану Рамазанова, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильмнің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапысырысымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген деректің фильмнің желісі 1952 жылы Жамбыл маңындағы Луговой жылқы зауытында туған Совет заманындағы жылқы спортының аңызы болған «Абсент» ақалтекесі туралы және тәуелсіз Қазақстандағы конкурдың жағдайын баяндайды.

XVI Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалі биыл техникалық тәртіпте өтетіндіктен көрермендер үшін жабық болады. Мұндай шешімді фестивальдің құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары коронавирус инфекциясы таралмас үшін қабылдады.

Айта кету керек, ұйымдастыру комитеті 63 елден 629 фильм тіркеді. Кинотанушы Сергей Анашкиннің төрағалығымен іріктеу комиссиясы 52 фильмнен тұратын қысқа тізімге конкурс жасалды. Қазақстандық фильм бақ сынайтын «Толықметражды деректі фильмдер» байқауында Үндістаннан, Тәжікстаннан, Германиядан, Швейцариядан, Ресейден және басқа елдерден 10 фильм ұсынылды.

Жеңімпаздардың тізімі қыркүйектің басында фестивальдің ресми сайтында жарияланады.

Естеріңізге сала кетсек, «Кедергілерді жеңу» деректі фильмінің фестиваль тарихы Түркияда басталды. 2020 жылдың мамыр айының соңында фильм Anatolia International Film Festival басты байқауына қатысты.

Тамыз айында аталмыш фильм тағы екі фестивальде бақ сынайды. 1-7 тамыз аралығында Грекияда өтетін 7-ші Иераптера халықаралық деректі фильмдер фестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына және 23-30 тамыз аралығында Docs Without Borders Film Festival кинофестивалінің негізігі конкурсына қатысады.

Басты сөздер: Ресей, Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай