Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Келес ауданында алты баласы бар жалғызбасты ана баспаналы болды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 18:18

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде Түркістан облысында алты баласы бар жалғызбасты ана баспаналы болды. Келес ауданына қарасты Жүзімдік ауылында тұратын жанұяға «Харекет» қайырымдылық қоры демеушілік танытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін ескі үйді паналап отырған отбасы қайырымдылық қорының арқасында 5 бөлмелі үйге қол жеткізді. Жалғыз өзі перзенттерін жетілдіріп, талай қиындықты бастан өткеріп жүрген ана қайырымдылық жасаған жандарға алғысын жеткізді.

«Оразаның 30 күнінде 30 үйді табыстауды ниет еткен қайырымдылық қорының назары бұл жолы Келес ауданынан тысқары қалмады. Қайырымдылық қорының құрылғанына 2 жылдың жүзі болған еді. Дегенмен аз уақыттың ішінде оның шапағатын көргендер көп. Еліміз бойынша бүгін 186-шы үйдің кілті табыстадық»,- дейді қайырымдылық қордың мүшесі Әлімбек Ғалымжан.








Жоғары қарай