Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Келес ауданында батагөй қариялардың байқауы өтті

2019 жылдың 21 қазан 2019 14:58

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Келес ауданында батагөй қариялардың «Атаң берген ақ бата» атты байқауы өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ұйымдастырылған шараға ауданның әр округінен 15 батагөй, аузы дуалы ел ағасы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет үйінде ұйымдастырылған шара ел арасынан батагөй, аузы дуалы қарияларды табу мен бата беруді насихаттау мақсатында өтті. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа батаның тәрбиелік мәнін түсіндіру мен әдет-ғұрпымызды дамытуға, ұмытыла бастаған бата беру дәстүрін жаңғыртуға бағытталды. Сайыста қариялар өскелең ұрпаққа батаның қазақ тұрмысындағы ерекше орны мен қасиетін дәріптеп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Ақментай Есбаев жарысқа қатысып жатқан батагөй ел ағаларына алғысын айтты.

«Ежелден данагөй халқымыз «Атаңнан бота емес, бата қалсын» деп ұрпақ тәрбиесінде батаның маңыздылығын түсіндірген. Сіздер өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне салт-дәстүріміз бен кешегі өткен бабаларымыздың қалдырған өсиетін бүгінге жеткізуші алтын көпір болып отырсыздар. Сол үшін сіздерге ерекше алғысымды білдіремін!»,- деді Ақментай Есбаев.

Байқау барысында қатысушылар өздерін таныстырып, баталарын айтты. Қазақ халқының салт- дәстүріндегі ұмыт бола бастаған әдет-ғұрыптар мен ырым-тиымдар сынды сұрақтарға жауап берді. Шара соңында жүлделі орын алған қарияларға аудан басшысы естелік сыйлықтармен марапатталып, оларға естелік кәде-сыйлар табысталды.




























Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Қоғам,
Жоғары қарай