Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Келесте мемлекеттік қызметкер суға секірген қызды құтқарып қалды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 16:49

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданында мемлекеттік қызметкер суға батып кеткен бойжеткенді құтқарып қалды. 19 жастағы қыз суға секіріп, суицид жасамақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға кешкі сағат 18:00 шамасында Абай – Біртілек ауылдарының арасындағы бекет маңында болған. «Ошақты» каналында қыз бала өзін суға тастап жіберген. Сол мезетте Келес аудандық әкімдігінің жетекші маманы Бексұлтан Арапбай қыздың суға кеткенін байқап қалады. Дереу суға секіріп, қатты ағыспен ағып бара жатқан қызды ажал аузынан аман алып қалған.

«Мен қызды құтқармақ болып суға секіргенде, ол есін жоғалтып алған. Каналдың түбіне батып бара жатқан еді. Дер кезінде судан шығарып, алғашқы көмек көрсеттік», -дейді Бексұлтан Ғабиддинұлы.

Кейіннен мәлім болғандай, суға түскен қыз бала эпилепсия ауруымен ауыратын болып шықты. Ол өзін жайсыз сезініп, суға секіріп кеткен. Адамдардың қауіпсіздігін сақтауда бақылау жасаған Бексұлтан Арапбай жас қыздың өмірін сақтап қалды. Осылайша, өз өмірін қатерге тігіп, өрімдей қызды ажалдан арашалап қалған азаматқа бойжеткеннің ата-анасы мен ағайын-туыстары алғыстарын білдірді.








Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай