Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Келестік кәсіпкер Африка жайынын өсіруді қолға алды

2021 жылдың 31 мамыр 2021 21:32

КЕЛЕС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Келес ауданындағы кәсіпорындардың бірі балықтың жаңа түрін өсіруді қолға алды. «Африка жайынын» көбейтуді көздеген жеке кәсіпкер жылына 160 тонна жаңа балық тұқымын алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қошқарата ауылдық округіндегі «Бижігіт-Ата» ЖШС ақ амур, күміс сазан, көксерке балық түрлерінің әрқайсысынан жылына 10 тонна өнім алады. Уылдырықтарды қолдан ұрықтандыру, балық өсіру және балық етін өңдеумен айналысатын жоба аясында 15 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы аумағы 600 шаршы метр жерде орналасқан кәсіпорында жылына 300 тоннаға дейін тауарлы балық өсіру жоспарланған.

«Балықты күтіп баптайтын маманды Өзбекстан елінен арнайы алдырдық. Қазірде «африкалық сом клариевый» түрін өсірудеміз. Ерекшелігі әр 2-3 айда уылдырық жинап отырады. Шабақты өсіп жетілгенше, 6-7 ай осы бассейнде қажетті температураны сақтап, өсіреміз. Сосын үлкен көлге тастаймыз. Ол көлде 3-4 ай бағылып, тұтынуға жарайды. Бүгінде көрші елдерден 1000 тоннаға дейін тапсырыс түсуде», – дейді кәсіпкер Нұрбол Жанұзақов.

Тропикалық балықты өсіру үшін айрықша күтім қажет. Балық бағып, табыс тауып отырған іскер азамат бұл жобаның әзірге тек тәжірибе ретінде қолға алынғанын айтады.











Жоғары қарай