Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кентау трансформатор зауытында дәнекерлеуші робот жұмыс істей бастады

2020 жылдың 12 қазан 2020 11:20

КЕНТАУ. ҚазАқпарат - «Кентау трансформатор зауыты» АҚ өндіріс ошағында бір уақытта 6 адамның жұмысын атқара алатын, жапондықYaskawa Motoman дәнекерлеуші роботы іске қосылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Айта кету керек, робот дәнекерлеу сапасын арттыруға және кәсіпорынның өнімділігін арттыруға арналған. Бір дәнекерлеуші маманның 8 сағатта атқаратын жұмысын робот 20 минут ішінде орындап шығады.

Yaskawa Motoman роботы Жапонияда ойлап табылған. Алайда Швецияда құрастырылып, Украина мемлекетінде арнайы өндіріске лайықты бағдарламасы енгізілген. Роботпен жұмыс істеу үшін Кентаудағы зауыттан 3 маман Украина мемлекетіне барып, арнайы іс-тәжірибеден өтіп келген. Болашақта зауытты тағы да осындай роботтармен толықтыру жоспарда бар.

Айта кетерлігі, бұл дәнекерлеуші - Қазақстанда іске қосылған ең алғашқы робот.

Кентау трансформатор зауыты – электр энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешенін және тұрғын үй-коммуналдық секторын қоса алғанда, экономиканың барлық салаларына қажет кең қолданысқа арналған трансформатор жабдықтарының жетекші қазақстандық өндірушісі.

Бүгінде кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі - экспорттық әлеуетті арттыру. Өндіріс ошағы «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыруға «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ тарапынан қосымша қаржыландыру алды. ҚДБ 6% - бен 1,5 млрд теңге мөлшерінде несие ұсынды.

Кентау трансформатор зауыты 1959 жылдан бастап жұмыс істейді және жабдықты жаңарту қажеттілігі туындады, «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚДБ-Лизинг тарапынан ұсынылған қаржыландыруға әлемнің жетекші өндірушілерінен трансформаторлар өндіру үшін металл өңдеу станоктары сатып алынды.

Қазір зауытта 1153 адам еңбек етеді. Сонымен қатар, мұнда политехникалық колледж бар, онда студенттер дуальды оқытудан өтіп, содан кейін білімдерін зауытта қолданатындығын атап өткен жөн. Колледж жыл сайын 100-ден астам маман шығарады, олар кейін зауытта және «Alageum Electric» БК ХК-да жұмыс істейді.











Жоғары қарай