Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кентауда ауыл тұрғыны ауласында түйеқұс өсіріп отыр

2020 жылдың 26 қазан 2020 22:30

КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Кентау қаласы Иассы ауылының тұрғыны Нәліпан Мырзақұлов өз ауласында түйеқұс өсіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда құстың саны балапандарымен қосқанда 19-ға жеткен. Шаруа құстың тұқымын көбейтіп, оны кәсіп көзіне айналдырып отыр. Ауласына арнайы қоршау жасатып, сол жерде бағады.




«Бұл - өте пайдалы құс. Еті деликатес. Қауырсыны да емге дауа. Жұмыртқасы бағалы, көрінісі де әсем» - дейді шаруа Нәліпан Мырзақұлов.

Аталмыш түйеқұс - австралиялық тұқым. Олардың жұмыртқасы ерекше қара түсті болады. Ал, африкалық түйеқұстың жұмыртқасы ақ болып келеді.

Бұл құсты қолға үйрету аса қиын шаруа емес. Тез жерсінеді. Шөл жерлерде де төзімді. Жемшөбі уақытылы беріліп отырса, пайдасы – көл-көсір.

Жұмыртқасының 1 данасы - 5-10 мың теңге шамасында. Етінде холестерин жоқ. Жүрек ауруына пайдалы.

Бұл құс 40-50 жылдан астам өмір сүреді. Шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкер алдағы уақытта құстың басын көбейтуді жоспарлап отыр.








Жоғары қарай