Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Кентауда бишілер байқауы өтті

2019 жылдың 20 қараша 2019 22:34

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласында «Биле, биле» атты бишілер байқауы басталды. Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында ұйымдастырылған байқауға қатысушылар қазақ ұлттық билерін биледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған өнер сайысы хореографиялық өнерді халық билері арқылы насихаттау мен мәдени мұраны дамыту және сақтау, Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлі мәдениетін жаңғырту мен дамыту, үздік хореографиялық ұжымдарды анықтау мен жастарды хореография өнеріне тарту мақсатында өтті. Сондай–ақ, қатысушылардың өздігінен өнерлерін жетілдіруге және шығармашылық жағынан өсуіне жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды. Екі кезеңнен тұратын байқауға кеншілер қаласы мен оған қарасты ауылдардардан би ұжымдары қатысты. Байқаудың бірінші бөлімінде үміткерлер қазақтың сюжетті, яғни мазмұнды биін орындап, өнерлерін ортаға салды. Күрделі орындалатын би қимылдары да олардың ұпай санын арттырары сөзсіз. Әділқазы алқалары жалпы ұпай санын есептеп, бір ғана кезеңде жеңімпаз атанбайтынын, келесі кезеңде көп ұпай жинауға мүмкіндік барын ескертті. Бишілерге ІІ-кезеңге арнайы тапсырмалар берді. Онда қатысушылар ретро ретро кезеңіне саяхат жасайтын болады. Бұл сайыс алдағы 25 қарашада өтеді деп жоспарланған.







Жоғары қарай