Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кентауда полиэтилен құбыры шығарыла бастады

2020 жылдың 27 мамыр 2020 16:13

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласында полиэтиленді құбырларын шығаратын цех өз жұмысын бастады. Жобалық құны 600 млн теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 1500 тонна труба шығаруға қауқарлы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АБН Альянс» ЖШС-не тиесілі өндіріс орнында бүгінде 50 адам жұмыспен қамтылған. Аталған цех қаладағы тоқтап тұрған бұрынғы «Бетонзавод» ғимаратын сатып алып, құрал-жабдықтар орнату жұмыстарын жүргізген. Жобаны іске қосқан кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта аталған ғимараттың ішінде радиатор шығару цехын ашуды жоспарлауда. Жобаның құны 1 млрд 200 млн теңгені құрамақ. Осылайша жылына 600 мың дана радиатор шығарып, мұнда да 50 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, мұнда темірбетон шығару цехын ашу жоспарланған. Бұл жобаның құны 200 млн теңгені құрайды. Кәсіпорында жылына 13500 мың дана темірбетон шығарылмақ.

















Жоғары қарай