Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кентаулық тұрғын теріс діни ағымдардың материалдарын әлеуметтік желіде таратқан

2020 жылдың 21 қазан 2020 21:54

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны деструктивті діни ағым көшбасшыларының материалдарын әлеуметтік желіде таратқан. Оның бұл әрекеті өңір полицейлерінің әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Вконтакте» қолданушыларының бірінің парақшасында діни мазмұндағы тыйым салынған материалдарды тапқан.

«Нәтижесінде Кентау қаласының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі «діни мазмұндағы материалдарды заңсыз тарату«бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 138 900 теңге айыппұл салынған» делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдің полицейлері деструктивті діни ағым жақтаушылары арасынан әкімшілік заңнаманы бұзған 350-ден астам тұлғаны анықтаған.



Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Дін, Түркістан облысы,
Жоғары қарай