Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кенжеғали Сағадиев мемлекетімізді дамыту ісіне мол үлес қосты - Президент

2020 жылдың 26 шілде 2020 16:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері, ҚР Ғылым академиясының бұрынғы президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

«Кенжеғали Әбенұлы мемлекетімізді дамыту ісіне мол үлес қосты. ҚР Ғылым академиясына және Қазақ мемлекеттік аграрлық университетіне басшылық жасады. Парламент Мәжілісінің ІІІ және IV шақырылымдарының депутаты болып, отандық заңнаманы жетілдіруге атсалысты, ұзақ жылдар бойы ұстаз ретінде шәкірттер тәрбиеледі. Артында өшпес із, ұлағатты ұрпақ, ғылыми мұра қалдырды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», — делінген жеделхатта.

Айта кетейік, кеше академик Кенжеғали Сағадиев 82 жасында дүниеден өткен болатын.


Жоғары қарай