Керіктің арыстанмен айқасы видеоға түсіп қалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенияда арыстанның төлімен бірге жайылып жүрген керікке шабуылы youtube-те жарияланды.
Видеоролик 27 қарашада Масаи-Мара қорығында түсірілген. Кадрдан арыстанның екі керіктің қасынан өтіп бара жатқан арыстан көрінеді. Жыртқыш өзінің жемтігіне арт жағынан байқатпай келуге әрекет жасайды. Бірақ төлін қорғаштаған керік дер кезінде оған қарсы тұра қалды. Жыртқыш болса тұра ұмтылып оның аяғынан тістеді. Өкінішке орай, ұрғашы керік қашып құтылғанымен төлі арыстанның жемтігіне айналды.