Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кейбір жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді

2020 жылдың 5 шілде 2020 14:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап елімізде кейбір жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгерді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап мына пойыздардың қатынасы уақытша тоқтатылады:

І. 05/07-20 мен 17/07-20 аралығында Алматы-2-ден жөнелтілетін, 06/07-20 мен 18/07-20 аралығында Сарыағашқа келетін/жөнелтілетін, 07/07-20 мен 19/07-20 аралығында Алматыға келетін №321/322 «Алматы-Сарыағаш» пойызының 7 рейсі тоқтатылды.

II. Мына күндері төмендегі пойыздардың қатынау жиілігі қысқарды:

- Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 2020 жылғы 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17 шілдеде жөнелтілетін, Алматы-2-ге 2020 жылғы 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 шілде келіп/жөнелтіліп, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолға 2020 жылғы 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19 шілдеде келетін №3/4 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы-2» пойызының 7 рейсі;

- Алматыдан 2020 жылғы 2, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17 шілдеде жөнелтілетін, Павлодардарға 2020 жылғы 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 шілдеде келіп/жөнелтіліп, Алматыға-2-ге 2020 жылғы 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19 шілдеде келетін №31/32 «Алматы - 2-Павлодар» пойызының 7 рейсі;

- Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 2020 жылғы 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 шілдедежөнелтілетін, Өскемен-1-ге 2020 жылғы 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19 шілде келіп/жөнелтіліп, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолға 2020 жылғы 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20 шілдеде келетін №68/67 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Өскемен-1» пойызының 7 рейсі;

- Нұр-Сұлтан-1-ден 2020 жылғы 5 шілде мен 12 шілдедежөнелтілетін, Достыққа 2020 жылғы 6 шілде мен 13 шілдеде келіп/жөнелтіліп, Нұр-Сұлтан-1-ге 2020 жылғы 7 шілде мен 14 шілдеде келетін №258/257 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» пойызының 2 рейсі.

III. 22 бағыт бойынша қала маңындағы пойыздардың қозғалысы тоқтатылды:

1. №7502/7501 «Нұр-Сұлтан-1-Павлодар»;

2. №7510/7509 «Нұр-Сұлтан-1-Павлодар»;

3. №7507/7508 «Нұр-сұлтан НЖ-Көкшетау-1»;

4. №6829/6830 «Ерейментау-Нұр-1-Көкшетау1»;

5. №6803/6804 «Нұр-Сұлтан НЖ-Атбасар»;

6. №7553/7556 «Қарағанды-Нұр-Сұлтан-1»;

7. №6857/6858 «Қарағанды-Нұр-Сұлтан-1»;

8. №6842/6841 «Шалқар-Сексеуіл»;

9. №7512/7511 «Түркістан-Шымкент»;

10. №6925/6926 «Қостанай-Жетіқара»;

11. №6815 «Қарағанды-Шоқай»;

12. №6868/6869 «Теміртау-Ақадыр»;

13. №6867 «Қалағыр-Теміртау»;

14. № 6952/6951 «Шоқай-Қалағыр-Қарағ. Сорт»;

15. №6876 «Теміртау-Қалағыр»;

16. №6894/6893 «Балқаш-1-Саяқ»;

17. №6958/6957 «Түркістан-Сарыағаш»;

18. №6937/6938 «Шымкент-Түркістан»;

19. №6874/6873 «Орал-Шыңғырлау»;

20. №6844/6843 «Қызылорда-Түркістан»;

21. №6969/6970 «Мыңарал - Шығанақ-Шу»;

22. № 6981/6982 «Отар – Шу».

IV. 8 бағыт бойынша жолаушылар және қала маңындағы пойыздар құрамындағы орындары отыратын жалпы вагондар алынып тасталды:

1. №313/314 «Атырау-Маңғыстау»;

2. №339/340 «Павлодар-Пресногорьковская»;

3. №603/604 «Нұр-Сұлтан НЖ-Арқалық»;

4. №613/614 «Орал-Ақтөбе»;

5. №623/624//627/628 «Нұр-Сұлтан-Петропавл-Қызыл ту»;

6. №601/602 «Жарық-Балқаш-2»;

7. №605/606 «Қарағанды-Балқаш-2»;

8. № 610/609 «Қарағанды-Жезқазған».

V. «Тальго» пойыздарындағы орындары отыратын вагондар жабылды:

1. №1/2 «Алматы-Ташкент»;

2. №11/12 «Алматы-Шымкент»;

3. №3/4 «Алматы-Нұр-Сұлтан»;

4. №25/26 «Алматы-Шымкент»;

5. №31/32 «Алматы-Павлодар»;

6. № 67/68 «Нұр-Сұлтан-Өскемен».

«Ұлттық тасымалдаушы ішкі барлық бағыттар бойынша жүретін балама жолаушылар пойыздарының сақталғанын хабарлайды. Пойыздардың қозғалыс кестесімен BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ақпарат алуға болады. Осы пойыздарға жол жүру құжатын (билетін) ресімдеген жолаушылар оларды қайтарып, ақшасын толық көлемде ала алады, сондай-ақ басқа балама пойыздарға билеттер сатып ала алады. Билет кассалары штаттық режимде жұмыс істейді, барлық сұрақтар бойынша «105» анықтама қызметіне хабарласуға болады«, - деп атап өтеді компаниядан.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚТЖ, Көлік,
Жоғары қарай