Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кезекші сыныптағы балалар қашықтан оқуға көшіріле ме

2020 жылдың 1 қазан 2020 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният кезекші сыныптағы балаларды қашықтан оқытуға көшіру мүмкіндігіне қатысты айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бастауыш сыныптар мектепке (кезекші сыныптарға) ата-аналардың өтінішімен барған болатын. Қазір балалар мектептерде санитарлық талаптарға сәйкес оқып жатыр. Ауамен таралатын инфекция болғандықтан (коронавирус), балалар арасында осы індет байқалуда. Егер сынып ішінде бір бала ауырған болса, тұтас сынып карантинге жабылады», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында .

Сонымен қатар вице-министр балалар бірінші тоқсанды кезекші сыныптарда оқуды жалғастыратынын атап өтті.

«Қазір бірінші тоқсанның аяқталуына бір ай уақыт қалғандықтан, балалардың бірінші тоқсанды бітіруін күтіп отырмыз. Содан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты тиісті шешім қабылданады», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ажар Ғиният мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтыру жағдайына қатысты түсінік берді.


Жоғары қарай