Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХА Қазақстан халқына Үндеу жариялады

2020 жылдың 13 шілде 2020 13:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемді жайлаған пандемияға байланысты ел халқына Үндеу жариялады, деп хабарлайы ҚазАқпарат.

«Әлемді жайлаған COVID-19 індеті, өкінішке қарай, біздің елімізде де белең алып, ауруға шалдыққандар саны күрт өсіп отыр. Кісі өлімі көбейіп, арыстай азаматтарымыздың ортамыздан кетіп жатқаны жанымызға батады.

Осынау қиын сәтте Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің күшіміз – бірлікте екенін тағы бір мәрте еске салды. Халқымыз басына түскен ауыртпалықты өзінің күш-жігері, ұйымшылдығы, болашаққа деген ұмтылысы арқылы жеңетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялап, орын алған кемшіліктерді жойып, қолға алынуы тиіс шұғыл шараларды атап көрсетті.

ҚХА өз кезегінде қазақ еліне қолдау білдіре отырып, карантин талаптарын қатаң сақтауға және туған-туыстарға жанашыр болуға шақырады.

Бүгінгі қаралы сәтте жақындарынан айрылған барша отбасылардың қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамыз»,-делінген Үндеуде.

Жоғары қарай