Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХА мүшелері қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап жатыр

2021 жылдың 1 желтоқсан 2021 14:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қазақстандықтарды 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұңғыш Президент күні – бұл Қазақстандағы тарихи таңдау күні және халық бірлігі мен келісім күні. Еліміздің Тұңғыш Президенті егемен Қазақстанның барлық жетістіктері атымен байланысты адам ретінде, әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде тарихқа мәңгіліккеендіг Оның барлық қызметі өз халқына, Отанына қызмет етудің жарқын үлгісі саналады. Отанымыз – Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін!», - деп жазды Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының төрағасы Ш.Нурумов Facebook парақшасында.

Жамбыл аудандық «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Рамазан Музафаров өз құттықтауын Instagram парақшасында жария етті.

«1 желтоқсан - Қазақстан Тұңғыш Президенті күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Зор денсаулық, бақыт тілеймін. Қазақстан халқы бейбітшілікте өмір сүріп, қуанышты күндер көп болсын. Достығымыз әрдайым берік болсын. Мерекеміз құтты болсын, ағайындар!», - деді ол.

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесінің мүшесі, Түркістан облыстық «ПАРВИЗ» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Султанов қазақ халқы үшін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек екендігін атап өтеді.

«1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Бұл мерекенің 1 желтоқсан болып таңдалу себебі де ерекше, өткен күндерді еске алатын болсақ, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұнғыш президенті сайланып, ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алды. Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл - ғасырлар тоғысында ата - бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбіт сүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Егемен ел болудың күрделі құрылысын басқарып, жаңа да жас мемлекеттің іргесін қалыптастырған Елбасы әлемдік саясат ауқымына «Қазақстандық даму моделі» ұғымын енгізді.Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар екі онжылдықта жүзеге асты. Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін», - деді Юлдаш Султанов.

ДОВIРА Украина этномәдени қоғамдық бірлестігі ұжымы да құттықтауларын Instagram парақшасында жариялады.

«Бүгін жас, қуатты әрі мықты мемлекет - Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуының жаңа кезеңін ашатын, Тәуелсіз Қазақстан тарихында атаулы күн» Сіздерге және жақындарыңызға байлық, келісім мен бірлік тілейміз. Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға табыс тілейміз», - деп атап өтеді бірлестік ұжымы.

ҚР Күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығының төрағасы, ҚХА мүшесі Азиз Алиевте қазақстандықтарды мерекемен Facebook арқылы құттықтады.

«Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» республикалық қауымдастығы Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтайды. Тұңғыш Президент күні – Қазақстандағы тарихи таңдау және ұлттық бірлік пен келісім күні. Бүгінгі мереке еліміздің тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдаған – Қазақстан Республикасының Президентін алғаш рет сайлаған күні. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған тарихи тұлға. Мемлекетіміз өзінің жетістіктерімен, қоғамдық-саяси өмірдегі терең өзгерістерімен әлемдік қауымдастықтың мойындауына ие болып, одан лайықты орын алды. Сізге және сіздің жақындарыңызға отбасыңызға амандық, зор денсаулық және бақыт тілейміз! Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін! Барлық бастамаларымыз жемісті, болашағымыз жарқын болсын!», - деді ол.


Жоғары қарай