Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХЛ: «Барыс» елордада «Авангардтан» жеңіліп қалды

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 18:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Авангард» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда турнир кестесінде қатар келеді. Жалпы турнир кестесінде «Авангард» алтыншы, «Барыс» жетінші орында тұрған болатын. Сондай-ақ, биыл елордалық клуб оларды екі мәрте тізе бүктіріп үлгерді. Сондықтан «Авангард» есе қайтаруға бар күшін салатыны белгілі еді.

Расында да, ойын барысында ресейлік клубтың шабуылға шығуы жиі байқалды. Нәтижесінде 1-минутта ресейлік Павел Дедунов өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін елордалық хоккейшілер таразы басын теңестіруге ұмтылған. Дегенмен есеп үшінші кезеңге дейін өзгерген жоқ. Ойынның 54-минутында «Авангард» хоккейшісі Вячеслав Войнов есепті үстемелей түсті. Ал 59-минутта ресейлік клуб сапынан Роб Клинкхаммер қорытынды есепті белгіледі. Кездесуде «Барыс» 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

«Барыс» енді елордада 12 қаңтарда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль), 14 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 16 қаңтарда «Металлург» (Магнитогорск) командаларын қабылдайды.

Бұдан бұрын «Барыс» «Нефтехимикті» ойсырата жеңген болатын .


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай