Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан алты жеңістен кейін қарсыласына есе жіберді

2020 жылдың 18 ақпан 2020 22:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» соңғы алты ойында қарсыластарының барлығынан басым түсті. Олардың қатарында көш басында келе жатқан Ресейдің ЦСКА командасы да бар. Енді елордалық клубтың төрт ойыны қалды.

«Сибирь» плей-офф кезеңіне жолдама алды. Қазір турнир кестесінде 57 ойыннан кейін 68 ұпай жинап, оныншы орында тұр. Ал турнир кестесінде алтыншы орында келе жатқан «Барыстың» еншісінде 58 ойыннан кейін 79 ұпай бар. Олар да плей-офф кезеңіне берілген жолдама тағдырын бірнеше тур бұрын шешіп қойған еді.

Соған қарамастан бүгінгі кездесу тартысты өтті. Алғашқы екі кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Ал 49-минутта «Сибирь» хоккейшісі Егор Миловзоров өз командасын алға шығарған еді. Ойынның бітуіне небәрі бес секунд қалғанда «Барыс» ойыншысы Линус Виддель таразы басын теңестірді. Ойын овертаймға ұласты.

Кездесудің 64-минутында «Сибирь» хоккейшісі жеңіс шайбасын соғып кетті. Елордалық клуб қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде «Барыстың» алты ойынға созылған жеңіс сериясы осымен тоқтады.

Еске сала кетсек, «Барыс» бұған дейін елордада Ресейдің «Сочи» командасынан 3:2 есебімен басым түскен еді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай