Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан бесінші рет жеңілді

2020 жылдың 25 қараша 2020 00:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 24 қарашада, Ресейдің Санкт-Петербург қаласында СКА командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есепті айдын иелері ашты. Ойынның 9-минутында ресейлік Иван Морозов мергендік танытса, одан кейін 15-минутта Евгений Кетов есепті үстемелей түсті.

«Барыс» одан кейін қатарынан екі шайба соғып, таразы басын теңестірді. Алдымен 16-минутта Виктор Сведберг есеп айырмасын қысқартса, 19-минутта Якоб Лилья голдың авторы атанды.

Екінші кезеңде 35-минутта СКА хоккейшісі Кирилл Марченко командасын тағы да алға шығарды. Ал 42-минутта елордалық Линус Виддель есепті теңестірді. Ойынның 45-минутында Владимир Ткачёв қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барыс» қатарынан бесінші мәрте жеңілді.

Енді «Барыс» 29 қарашада елордада Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасын қабылдайды.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай