Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҚХЛ: «Барыс» қытайлық клубтан басым түсті

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 21:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде елордалық клуб басым ойнады. Соған қарамастан есепті алғаш болып «Куньлунь Ред Стар» клубы ашты. Команда сапынан Кори Кейн 1-минутта өзінің еншісіне жазды. Бұдан кейін айдын иелері тізгінді өз қолына алды. Нәтижесінде олардың қатарынан 14 және 17-минуттарда Корбан Найт пен Дастин Бойд мергендік танытты.

Екінші кезеңде қос команда шабуылға көбірек шықты. Десе де екеуі де діттеген мақсатына жете алған жоқ. Үшінші кезең де осыған ұқсас жағдайда өрбіді. Бүгінгі кездесуде «Барыс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Аталмыш жеңістен кейін елордалық клуб турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті. Жалпы турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал шығыс конференциясында үшінші, Чернышев дивизионында екінші орынға жайғасты.

Бұдан бұрын «Барыс» Ресейдің «Автомобилист» командасынан басым түсті .

Енді «Барыс» келесі үш ойынын сыр айдында өткізеді. Алдымен 2020 жылдың 4 қаңтарында Латвияның «Динамо» (Рига) командасымен кездессе, одан кейін 6 қаңтарда Ресейдің «Авангард» (Омбы), 8 қаңтарда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командаларымен шеберлік байқасады.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай