Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Металлургті» жеңіп кетті

2019 жылдың 26 қараша 2019 22:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» соңғы кезде қарсыластарына есе жіберіп қойып жүр. Соның салдарынан турнир кестесінде біршама төмен түсіп қалды. Соңғы 14 ойында елордалық хоккейшілері ала-құла ойын көрсетті. Олардың арасынан төртеуінде ғана жеңіске жетіп, қалғанында қарсыласына есе жіберіп қойған еді.

«Барыс» пен «Металлург» биыл екі мәрте кездесіп үлгерді. Оның біреуінде елордалық хоккейшілер 3:1 есебімен басым түссе, екіншісінде 1:2 есебімен жеңліп қалды.

Бүгінгі ойында «Металлург» алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 6-минутында Сергей Мозякин өз командасын алға шығарды. Оған 25-минутта «Барыс» хоккейшісі Павел Акользин бір шайбамен жауап қайырды. Ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталды. Кездесу овертаймға ұласты. Овертаймда «Барыс» сапынан Линус Виддель жеңіс шайбасын соқты. Осылайша елордалық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» енді 28 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен ойнайды. Одан кейін елордада 1 желтоқсанда Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасын қабылдайды.

«Барыс» бұдан бұрын 24 қарашада «Амурдан» жеңіліп қалған еді.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай