Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

ҚХЛ: «Барыс» ресейлік клубқа есе жіберді

2019 жылдың 31 қазан 2019 22:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыс» соңғы үш ойында қарсыластарыне есе жіберіп қойды. Сондықтан бүгінгі кездесуде жеңіске жету жолын іздейтіні белгілі еді.

Кездесу барысында «Автомобилист» хоккейшілері есепті алғашқы болып ашты. Ойынның 6-минутында Джефф Плэтт өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін «Барыс» хоккейшілері қарқынын үдете түскен еді. Дегенмен бірінші кезеңде есеп өзгерген жоқ.

Айдын иелері қатарынан 25-минутта Егор Шалапов қарсыластар қақпасын дәл көздеп, таразы басын теңестірді. Ал 38-минутта «Автомобилист» сапынан Брукс Мэйсек мергендік танытып кетті.

Үшінші кезеңде айдын иелері тағы да гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде 40-минутта қазақстандық Аркадий Шестаков қақпаны дәл көздеді. Есеп 2:2. Дегенмен есеп 49-минутта тағы да өзгерді.

Б ұл жолы да ресейлік клуб алға шықты. Голды Павел Дацюк салды. Ал 55-минутта елордалық Даррен Диц тағы да таразы таразын теңестірді. 3:3. Кездесу овертаймға ұласты. Жеңіс шайбасын қонақтар сапынан Найжел Доус соғып кетті. Осылайша «Барыс» 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Елордалық клуб төртінші ойын қатарынан қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Енді «Барыс» елордада бір ойын өткізеді. Олар 2 қарашада ЦСКА (Мәскеу) командасын қабылдайды. Ал одан кейінгі кездесуін 12 қарашада сырт айдында Ресейдің «Северсталь» (Череповец) клубына қарсы өткізеді.

«Барыс» бұдан бұрын Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) клубынан жеңіліп қалған еді

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай