Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХЛ: «Барыс» «Салават Юлаевтан» жеңіліп қалды

2020 жылдың 22 қараша 2020 20:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуді «Барыс» сәтті бастаған еді. Ойынның 8-минутында Роман Старченко есеп ашты. Ал 13-минутта уфалық команда сапынан Тезму Хартикайнен таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде екі команданың да гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Есесіне 26-минутта ресейлік Дмитрий Кугрышев «Салават Юлаевты» алға шығарса, 32-минутта Александр Кадейкин есепті үстемелей түсті.

Үшінші кезеңде де айдын иелері басымдығын көрсетті. Ойынның 49-минутында Михаил Воробьёв «Салават Юлаевтың» басымдығын арттыра түсті. «Барыс» қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңілді. Елордалық клуб бұдан бұрын «Авангардтан» жеңіліп қалды.

Енді «Барыс» 24 қарашада Ресейдің Санкт-Петербург қаласында СКА командасымен кездеседі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай