Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХЛ: «Барыс» «Сибирь» командасына жеңіліп қалды

2020 жылдың 26 қазан 2020 20:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Новосібір қаласының «Сибирь» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесуде ресейлік клуб жинақы ойын көрсетті. Нәтижесінде 23-минутта олардың қатарынан Никита Шашков есеп ашты. Ал 31-минутта «Барыс» хоккейшісі Якоб Лилья таразы басын теңестірді.

Ойынның 33-минутында «Сибирь» сапынан Егор Миловзоров командасы алға шығарды. Кездесудің бітуіне 37 секунд қалғанда ресейлік тағы бір хоккейші Олег Ли қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетерлігі, елордалық клуб қатарынан үш тур бойы жеңіске жете алмай келеді.

Естеріңізге сала кетелік, екі команда бұған дейін 37 мәрте кездесті. Оның 14-і «Барыстың» жеңісімен аяқталса, қалғанында «Сибирь» жеңіске жетті.



Фото: www.hcbarys.kz

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай