Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХЛ: «Барыс» «Сочи» командасынан жеңіліп қалды

2020 жылдың 29 қазан 2020 01:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» Ресейде Сочи қаласының «Сочи» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда бұған дейін 12 мәрте кездесті. Оның 8-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында «Сочи» жеңіске жетті.

Бүгінгі кездесу тартысты деңгейде өтті. Бірінші кезеңде екі команданың да есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болды.

Екінші кезеңнің алғашқы минутында ресейлік клуб «Барыс» хоккейшілерінің қателігін тиімді пайдаланып кетті. Ойынның 21-минутында Мальте Стремвалль мергендігімен көзге түсті. Ал 38-минутта Даниил Мироманов есепті үстемелей түсті. Ол ойынның 58-минутында тағы бір мәрте «Барыс» қақпасын дәл көздеп, қорытынды есепті белгіледі. Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Енді «Барыс» елордада екі ойын өткізеді. Алдымен 30 қазанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдаса, одан кейін Латвияның «Динамо» (Рига) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, 26 қазан күні елордалық «Барыс» Ресейде Новосібір қаласының «Сибирь» командасынан жеңіліп қалған болатын.




Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай