Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 12:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойын елорда уақытымен 19.30-да басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 23 мәрте шеберлік байқасты. Оның 7-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды. Айта кетерлігі, өз айдынында өткізген соңғы екі кездесуде елордалық клуб қарсыласына есе жіберіп қойды.

«Барыс» биылғы маусымда бес ойын өткізді. Оның екеуінде жеңіп, қалғанында қарсыласына есе жіберді. Ал ЦСКА бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. Турнир кестесінде мәскеулік команда екінші, «Барыс» тоғызыншы орында келеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай