Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Киік атқан браконьерлер 700 млн теңге шығын келтірді

2020 жылдың 30 қараша 2020 12:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында киіктерді заңсыз аулап, мүйіздерін сатумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ІІМ Криминалдық полиция департаменті Батыс Қазақстан облысының полицейлерімен бірлесіп, киіктерді заңсыз аулап, мүйіздерін сатумен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады. Бұл топтардың 11 мүшесі қылмыстық жауапқа тартылады. Олар өткен жылдың қыркүйек айынан бері облыс аумағында браконьерлікпен айналысқан», - деді ресми өкіл министрлік ұйымдастырған брифингте .

Тергеу барысында 700-ден астам киік мүйізі, 9 атыс қаруы, 7 автокөлік, 2 қарда жүретін көлік және 2 мотоцикл тәркіленген.

Киіктерді ату салдарынан экологияға 700 млн теңгеден астам шығын келген.

«Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері ішкі органдар табиғат қорғау заңнамасын бұзған 12,5 мың фактіні анықтады. Сотқа дейінгі 583 тергеу басталды, оның ішінде 221 қылмыстық іс сотқа жолданды. 12 мыңға жуық құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды», - деді Н. Ораз.

Еске салсақ, БҚО-да заңсыз киік аулаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Жоғары қарай