Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ким Чен Ын АҚШ президентінің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

2020 жылдың 3 қазан 2020 12:17

ПХЕНЬЯН. ҚазАқпарат – Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ын АҚШ президенті Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат kcna.kp сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның зайыбы Мелания коронавирус жұқтырды.

«Бүгін кешке АҚШ-тың бірінші ханымы және мен коронавирусқа тест тапсырдық. Ол оң нәтиже көрсетті. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауды бастап кеттік. Біз бұны бірге еңсереміз!» - деп жазды президент Twitter -де.

Кейін коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамп тікұшақпен әскери госпитальға жеткізілді.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.



Басты сөздер: Коронавирус, Әлем, АҚШ,
Жоғары қарай