Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Киноға бөлген қаражатты игерушілер қалай іріктеледі

2021 жылдың 16 сәуір 2021 11:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов редакция сауалына жолдаған жауабында киноға бөлінген қаражат қалай игерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайын киноға деп бөлінетін қаражатты қандай компаниялар мен ұйымдар игеріп жатыр? Киноға бөлінген қаражатты игерушілер қалай іріктеледі? Редакция сауалында осы сұрақтар қойылған болатын. Министр орынбасарының айтуынша, 2019 жылы қабылданған заң бұрынғы жүйені біршама өзгерткен.

«2019 жылдың 3 қаңтарында «Кинематография туралы» ҚР Заңынының талаптарына сәйкес, бәсекеге қабілетті киноөнім шығару және мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, киножобаларды іріктеу бірнеше кезеңдерден тұратын ашық конкурстар өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте, киножобаларды қаржыландыру туралы шешімді уәкілетті орган Сараптама кеңесінің оң қорытындысы және Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде қабылдайды», - дейді ведомство өкілі.

Вице-министрдің сөзінше, қаржы негізінен бір көзден сатып алу қағидаты арқылы бөлінеді. Бірақ ол үшін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ашық конкурс жариялау арқылы жоғарыда аталған кеңес пен ведомствоаралық комиссияның қарауына киножобаларды жинақтап енгізуі керек.

«Киножобаларды қаржыландыру 2019 жылдың 3 қаңтарында қабылданған «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңынының аясында және мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы 39-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, бір көзден алу арқылы игеріледі», - делінген жауапта.


Жоғары қарай