Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Кіші Талдыкөл туралы сот ісі 9 ақпанда қаралады

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 12:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Кіші Талдыкөл туралы сот ісін қайта қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сотқа «Aqiqat» корпоративтік заңгерлер коалициясы талап-арыз жазған. Жауапкерлер ретінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты мен «Астана - Технополис» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы шақырылған.

«ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 225-бабы 3-бөлігі негізінде сот осы іс бойынша қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында шешім шығару үшін залдан шыққан соң, осы іс жүргізуді қайта қозғау қажет деп есептейтіні туралы шешім қабылдады. Толық қаралғаннан кейін сот жарыссөздері және әкімшілік істің материалдарын қарау қайта жүргізілетін болады», – деді судья Жанар Дүйсенова.

Судья Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілі сотқа ұсынуы қажет құжаттарды атап өтті. Оның ішінде қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, Бас жоспарына сәйкес 2012 жылдан 2020 жылға дейін Кіші Талдыкөл көлдері тобы кіретін жерлерді нысаналы тағайындау туралы, 2020 жылғы желтоқсанда шығарылған елді мекен жерлеріне ауыстыру туралы қаулыға қатысты мәліметтерді әкелуі тиіс.

Ал «Астана-Технополис» АЭА Басқарушы компаниясы SAT-NS ЖШС-мен жасалған барлық 16 қосалқы жалдау шарттарын, жер учаскелерін сегменттеу туралы, осы учаскелерді игеру кезеңдері туралы мәліметтерді беруі керек.

«Сот ісі 9 ақпанда, сағат 10:30-да тыңдалады», - деді судья Ж. Дүйсенова.

Еске сала кетейік, «Aqiqat» корпоративтік заңгерлер коалициясы елорда әкімдігінің Кіші Талдыкөл маңында су қорғау аймағы мен белдеуін орнату бойынша шара қабылдамауына байланысты сотқа жүгінген болатын. Соның салдарынан SAT-NS ЖШС және онымен байланысты құрылыс компаниялары Кіші Талдыкөл көлдері тобы орналасқан аумақта құрылыс жүргізу туралы «Астана-Технополис» АЭА-мен шарт жасасу мүмкіндігіне ие болған.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Сот,
Жоғары қарай