Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Климаттың өзгеруі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді – БҰҰ

2021 жылдың 13 қазан 2021 14:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Климаттың жылдам өзгеруі қауіпті жағдайды алдын алуға мүмкіндіктерді азайтып отыр. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап қалу үшін бірінші кезекте «үлкен жиырмалық» елдеріне маңызды шешімдер қабылдау керек. Және бұл Шотландияда өтетін Климат бойынша конференцияға дейін жасалуы керек. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшы Антониу Гутерриш айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ-ның Жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Қауіпсіздік Кеңесінің климат мәселелерін талқылуының өзі оның ғаламшардағы бейбітшілік пен оның тұрғындарының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін растайды.
Адамдардың амандығы табиғат қорларына, суға және құнарлы жерлерге байланысты кезде климаттық өзгерістер салдарынан бұл қорлардың азаюы шиеленіске әкелуі мүмкін.
Мысалы, Сомалиде құрғақшылық пен су тасқыны салдарынан адамдар егінсіз қалып отыр. Бұл жағдай азық-түлік үшін бәсекелестіктің тууына әкелді.
Босқындардың 90 пайызы климаттық өзгерістерге төтеп бере алмайтын елдерден шығады. Ол босқындар көп жағдайда өздері де климаттық өзгерістерден зардап шегетін елдерге қарай қашады.
Осыған байланысты Бас хатшы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерін тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап қалуға көмектесетін шараларды енгізуге шақырды.


Басты сөздер: Экология, БҰҰ, Әлем, Қауіпсіздік,
Жоғары қарай