Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

KLM рейсінің бортында маска тақпағандар төбелес шығарды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 16:17

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Нидерландылық KLM әуе компаниясы рейсінің бортында екі жолаушы маска тағудан бас тартқандықтан төбелес басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі The Independent-ке сілтеме жасап.

Басылым жариялаған видеотаспада Амстердамнан Ибица аралына ұшып бара жатқан Boeing-737 ұшағының салонында маска тағудан бас тартқан екі британиялық демалушының төбелесі көрсетілген. KLM мәліметінше, екі ер адамды басқа жолаушылар ұстап, Ибицаға жеткен кезде Испания полициясы оларды тұтқындаған.

«Екі жолаушы маска тағудан бас тартып, жанындағы жолаушылардың мазасын кетірген. Ұшқыш жергілікті билікке хабарлаған, жерге қонғаннан кейін екеуі де тұтқынға алынды», - деді әуе компаниясының өкілі.

Видеоны жексенбі күні таңертең алғаш болып жариялаған Instagram-дағы аккаунтта жолаушылардың бірі ағылшын екені және оның арақ ішіп алғаны айтылған.

KLM рейстерінде және Нидерланды әуежайында адамдар маска тағуға міндетті.


Авторы : Тимур Дүйсекеев

фото:nypost.com
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай