Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері 49 жылға жалға берілмек

2020 жылдың 21 шілде 2020 20:28

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдерін жалға беруге байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру жөнiндегi конкурс туралы хабарлайды. Конкурстық құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзiмi — 2020 жылғы 27 шiлде, сағат 12-00-ге дейiн қабылданады», - деп хабарланды басқарма сайтында.

Су объектілерін конкурстық негізде пайдалануға беру конкурсына Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері қойылған. Оларды рекреациялық мақсатта 49 жылға жалға беру көзделіп отыр.

Еске сала кетсек, елордадан 170 шақырым жерде орналасқан Көбейтұз көліне карантин біткенше баруға тыйым салынған болатын.

Енді Көбейтұз көлінен тұз бен батпақ алғандар жауапкершілікке тартылады.




Жоғары қарай