Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Көбейтұздың балшығын әкетпек болғандар қандай жаза тартты

2020 жылдың 8 тамыз 2020 11:41

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көлінің балшығын әкетпек болған елордалықтар әкімшілік кодекстің бірден үш бабы бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан атап өткендей, Нұр-Cұлтан қаласының екі тұрғыны, ерлі-зайыптылар тыйым салынғанына қарамастан дала жолымен блокпосты айналып өтіп Көбейтұз көліне барған. Олар көлге барып қана қоймай, көлдің балшығын алып кетпек болған. Ерейментау аудандық полиция қызметкерлері астаналықтардың әкімшілік кодекс бойынша бірнеше заң бұзушылық жасағанын анықтады.

«Осыған байланысты 58 жастағы ер адам мен оның әйелінің үстінен ҚР ӘҚбК 364 бабы (ортақ суды пайдалану ережесін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен бірге, карантин талабын бұзғандары үшін ҚР ӘҚбК 425 бабы (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша және ҚР ӘҚбК 139 бабы (жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу) бойынша іс материалдары жиналып, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, облыстық экология департаментіне жолданды», - дейді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары карантин режимін бұзғандар жауапкершілік тартылатын ескертеді, сондай-ақ табиғы ресурстарға ұқыптылықпен қарауға шақырады.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай ҚР Экология министрлігі мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Көбейтұз көліне ұйымдастырылған рейд барысында елордалық отбасылық жұптың көлдің балшығын әкетпек болғаны анықталған еді.

Сонымен бірген, тамыздың 7-де «Фейсбук» әлеуметтік желісін қолданушы Құлпаш Қоңырова өзінің жеке парақшасында осы туралы жариялаған болатын.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Экология, Ақмола облысы,
Жоғары қарай