Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қоғам қайраткері жерге қатысты бақылау қызметін күшейтуді ұсынды

2021 жылдың 25 наурыз 2021 12:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер бойынша қосалқы жалгерлікке жол берілмеуі керек. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі мәселе – ол субаренда. Қосалқы жалгерлікке жол берілмеуі керек, яғни ол латифундистердің негізі. Субарендаға жол берілсе, онда жергілікті халық ешқашан сол жерге қол жеткізе алмайды», - деді М. Тайжан.

Сонымен қатар ол жер комитетінің (ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті) күші әлсіз екенін, өйткені жергілікті жер инспекторлары әкімдерге қарайтынын айтты. Әкімдер бір қолмен жерді бөледі де, екіншіден, оны өзі бақылап отырады.

Қоғам қайраткерінің айтуынша, жер инспекторлары, яғни бақылау функциялары тиісті құрылымның қарамағында болуы керек. Бұл құрылымды Ауыл шаруашылығы министрлігінен шығарып, тікелей Президентке бағындырған дұрыс болады.

«Сонда ғана еліміздегі жер алқаптары бойынша тәртіп орнатылады деп үміттенемін», - деді Мұхтар Тайжан.


Жоғары қарай