Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қоғамдық бақылау: Ақтөбе облысында оқушыларды компьютермен қамту толық жүзеге аспаған

2020 жылдың 20 қазан 2020 17:21

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылында оқушылардың қашықтан оқып жатқандарына 2 айдай уақыт өтті. Алайда Ақтөбе облысында тендер ұтқан компания оқушыларды компьютермен әлі қамтамасыз етпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 20 қазанда Қоғамдық бақылау үйлестірушісі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Ақтөбе облысына әкелінген компьютердің бір партиясын қабылдап алу барысын қадағалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілі Жанболат Тұртаевтың айтуынша, әр ноутбук оқушы қолына тимес бұрын талапқа сай жинақталып, микрофон, бейнекамера сынды бөлшектерінің болуы тексеріледі. Сосын жұмысқа жарамды екеніне көз жеткізгеннен соң компьютерлер оқушыларға тапсырылады. Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, тапсырысты кешіктіріп жеткізгені үшін орындаушы компанияны жауапқа тарту мақсатында сотқа жүгінбекші. Ал жауапты компания өкілі тапсырысты уақытында орындауға карантиннің кесірі тигенін айтып, ақталуда.

Жалпы, облыс бойынша 19146 компьютерге қаражат бөлініп, оның 6710-ы әкелінген. Тендер ұтқан компания өкілі қалған компьютерлерді қазан айының аяғына дейін жеткізіп беретінін мәлімдеді.





Басты сөздер: Ақтөбе облысы,
Жоғары қарай