Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қоғамдық бақылаудың меморгандармен іс-қимылы онлайн отырыста қаралды

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 18:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау бойынша «Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, орталық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Өз сөзінде А.Балаева мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның қоғамдық бақылауды дамытудағы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

«Біз Қазақстанның Азаматтық альянсы азаматтық белсенділіктің негізгі өзегіне айналып, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасында тұрақты байланыс орнататын маңызды элемент болатынына сенімдіміз» - деді министр «Азаматтық альянстың» жаңа президенті Б.Нұрғазиеваға қарата.


Жоғары қарай