Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңнамаға түзетулер енгізіледі

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 18:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізіледі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Президент тапсырмасы аясында осындай шараны іске асырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымы, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық шарттар мен ұйымдардың мүшесі екені белгілі.

Сондай-ақ экономикалық ықпалдастық және даму ұйымы, OGP сияқты халықаралық бастамалардың қатысушысы ретінде адам құқықтары саласында өзіне бірқатар міндеттемелер алған.

«Бұл тұрғыда азаматтық қоғам институттарының дамуына және азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндігіне қосымша қарқын беру үшін құқықтық құралдар қажет.

Ол үшін 2023 жылы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу көзделіп отыр», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров бүгінгі Үкімет отырысында.


Жоғары қарай